1 мамырда Алматыдағы әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы шектеледі

30 Сәуір 2022, 22:25
1582
Бөлісу:
1 мамырда Алматыдағы әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 мамырда Алматыда велошеру өтеді. Соған байланысты қала көшелерінің бір бөлігі жабылады және қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгереді, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы велоспорт федерациясы велошеруді ресми түрде ашады. Спорттық шараға 1500-2000 адам қатысады. Велошеруге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел жәрдем бригадалары, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері кезекшілік етеді.

Тіркеу ертең офлайн өтеді. Веложарыс бағдарламасы бойынша, қатысушылар сағат 07:30-да «Нұрлы-Тау» БО көлік тұрағына жиналуы тиіс. 08:00-де тіркеу, ал 09:00-де веложарыс басталады. Мәре сағат 11:30-да Тұңғыш Президент саябағында деп белгіленген. Бағыт әл-Фараби даңғылы арқылы өтеді. Сол себепті, осы учаскеде 7:30-дан 11:30-ға дейін автокөлік қозғалысы шектеледі, 25 автобус маршруты уақытша өзгереді.

Өзгертілген маршруттар тізімі: №101 – солтүстік жағына – Жароков көшесі – Өтепов көшесі – Розыбакиев көшесі – ары қарай сызба бойынша;

№103 – соңғы пунктті Орбита-2 ш/а ауыстыру;

№116 – солтүстік жағына – Жароков көшесі - Өтепов көшесі – Розыбакиев көшесі – ары қарай сызба бойынша;

№119 – солтүстік жағына - Саин көшесі – Розыбакиев көшесі – Жандосов көшесі – Береговой көшесі - ары қарай сызба бойынша;

№121 - оңтүстік жағына – Науаи көшесі – Торайғыров көшесі – Мұстафин көшесі – бұрылу – соңғы аялдама Орбита-2 ш/а аялдамасы, солтүстік жағы - Орбита-2 ш/а Мұстафин көшесі – Торайғыров көшесі – Науаи көшесі - әрі қарай сызба бойынша;

№123 - оңтүстік жағына - Гагарин даңғылы - Қожабеков көшесі - Розыбакиев көшесі - одан әрі сызба бойынша;

№127 – оңтүстікке қарай - Назарбаев даңғылы - Сәтпаев көшесі - Желтоқсан көшесі - Тимирязев көшесі - Жароков көшесі - ары қарай сызба бойынша;

№ 135 - оңтүстік жаққа - Науаи көшесі - Торайғыров көшесі - Мұстафин көшесі - бұрылу - соңғы аялдама Орбита-2 ш/а;

№15 - солтүстік жағына - Жароков көшесі - Тимирязев көшесі - Жандосов көшесі - Алтынсарин даңғылы - одан әрі сызба бойынша, оңтүстік жағына - Алтынсарин даңғылы - Жандосов көшесі - Тимирязев көшесі - Жароков көшесі - бұдан әрі сызба бойынша;

№221 - тоқтата тұру;

№28 - әл-Фараби даңғылына жетпей Дулати көшесінің бұрылысы;

№30 - солтүстік жағына - Жароков көшесі - Тимирязев көшесі - ары қарай сызба бойынша;

№31 - солтүстік жағына - Жароков көшесі - Тимирязев көшесі - ары қарай сызба бойынша;

№32 - соңғы пунктті Орбита-2 ш/а ауыстыру;

№34 - соңғы пунктті Орбита-2 ш/а ауыстыру;

№38 - әл-Фараби даңғылы - Достық даңғылы - Абай даңғылы – Саин көшесі - ары қарай сызба бойынша;

№38а - Сайын көшесі - Жандосов көшесі - Розыбакиев көшесі - әл-Фараби даңғылы - одан әрі сызба бойынша;

№62 – батыс жағына - әл-Фараби даңғылы - Достық даңғылы - Абай даңғылы - одан әрі сызба бойынша;

№63 - Назарбаев даңғылы - Сәтпаев көшесі - Жандосов көшесі - Береговой көшесі - ары қарай сызба бойынша;

№63а - Береговой көшесі - Жандосов көшесі - Розыбакиев көшесі - әл-Фараби даңғылы - одан әрі сызба бойынша;

№67 - оңтүстік жағына - Алтынсарин даңғылы - Жандосов көшесі - Жароков көшесі - бұдан әрі сызба бойынша, кері жағына - қозғалыстың кері тәртібімен;

№ 77 - солтүстік жаққа - Жароков көшесі - Өтепов көшесі - Розыбкиев көшесі – ары қарай сызба бойынша;

№81 - оңтүстік жағына - Гагарин даңғылы - Қожабеков көшесі - Розыбакиев көшесі - одан әрі сызба бойынша;

№86 - оңтүстік жағына - Назарбаев даңғылы - Сәтпаев көшесі - Жандосов көшесі - Сүлейменов көшесі - Мұстафин көшесі - КО «Торайғыров/ Мұстафин», кері жағына - КО «Торайғыров/ Мұстафин» - Торайғыров көшесі - Науаи көшесі - Жандосов көшесі - Сәтбаев көшесі - Назарбаев даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша;

№98 - оңтүстік жағына - Гагарин даңғылы - Қожабеков көшесі - Розыбакиев көшесі - Тимирязев көшесі - одан әрі сызба бойынша кері жаққа. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Алматыда 1 мамыр күні негізгі іс-шаралар Абай алаңында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы