Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Қарағандылық кәсіпкер партияластарының бастамасын қолдады.
Кеше шымкенттік Қайрат Молдасейітов коронавирус індетімен күресуге 20 миллион теңге бөлген еді.
Оның бұл бастамасын қарағандылық кәсіпкер, Nur Otan партиясының мүшесі Ғабдолла Дүйсембаев қолдап, қайырымдылық есебінде ауруханаларда вирустың пайда болуын ерте анықтап, уақтылы емдеуге мүмкіндік беретін жедел-сынамалар алу үшін 5 миллион теңге аударды.
Бұл туралы партияның Facebook-тегі парақшасында жазылды.
Ғабдолла Дүйсенбаев әріптестерінің бастамасын жаңалықтардан естідім дейді.
Бұл жайлы кеше "Қазақпарат" жаңалықтарынан оқыдым. Мен бұл кәсіпкерді танымаймын. Бірақ оның дәл осы жағдайда немқұрайдылық танытпауымыз керек деп айтқаны өте дұрыс. Әрине қазір жеке кәсіпкерлер үшін оңай болып тұрған жоқ, тіпті шығынға ұшырап жатырмыз. Алайда көптеген кәсіпкерлердің өз уақытында мемлекеттің қолдауы арқасында көтерілгенін мойындаймыз. Соған орай мемлекетімізге көмек қажет болған жағдайда, біз де қарап қалмауымыз керек деп ойлаймын, - дейді Ғ. Дүйсембаев.Коронавирусқа арналған жедел-сынамалар қазіргі уақытта адамдарға ең қажет дүние.