Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі экспорттық тауарлары – ферроқорытпалар, өңделмеген мырыш, тазартылған мыс, уран, мұнай газдары, трансформаторлар мен аккумуляторлар. Ал шикізаттық емес экспорттың 51%-ын металлургия береді, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Жыл сайын Қазақстанның экспорттық себеті орта есеппен 5-6 тауар позициясына толықтырылады.
2018 жылы Қазақстанның шикізаттық емес экспорты 15,7 млрд АҚШ доллары (2017 жылы 15,6 млрд АҚШ). Минералдық өнімдердің экспорты 14,6%-ға (мұнай өнімдері, тас көмірден кокс және жартылай кокс, мұнай битумы), машина жасау 11%-ға, азық-түлік тауарлары 7,6%-ға, химия өнеркәсібі 2,6%-ға (тыңайтқыштар, сары фосфор, полимерлер) өсті.
"2018 жылы біз алғаш рет БАӘ нарығына өнеркәсіптік көлемде бал экспорттай бастадық ("Пасека" ШҚ, ШҚО). Бұдан басқа, Қытай нарығына алғаш рет отандық ет (мұздатылған қой еті, БҚО "Кублей" ЖШС, 20 мың тонна, 96 млн АҚШ доллары) және қазақстандық балмұздақ ("ШинЛайн" ЖШС, сомасы 3 млн АҚШ доллары). Экспортты дамыту және ілгерілету мақсатында бүгінде отандық экспорттаушыларға мемлекеттік қолдаудың түрлі қаржылық және қаржылық емес шаралары көрсетіледі. Жыл сайын 40 - тан астам экспорттаушы қаржылық және 400-ден астам экспорттаушы сервистік қолдау алады", - деп хабарлады ҚР ИИДМ басшысы Роман Скляр.
Анықтамалық:
2018 жылдың қорытындысы бойынша экспорттаушыларға 107,37 млрд теңге сомасында қаржылық қолдау көрсетілді:
- 90,2 млрд теңге қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің көлемі;
- Саудалық қаржыландыруға 10,26 млрд теңге;
- Экспортқа дейінгі қаржыландыруға 6,91 млрд теңге.
Қаржылық қолдау шараларының операторы "Бәйтерек" ҰБХ АҚ, Қазақстанның Даму Банкі, "Даму" Қоры және "Қазақэкспорт" АҚ болып табылады.
Экспортты жылжыту мақсатында бөлінген қаражат сақтандыру мен кепілдік беру көлемін ұлғайтуға, көлік шығындарын өтеуге және экспорттаушыларға кең сервистік қолдау көрсетуге (көрмелер, маркетинг, өткізу нарықтарын кешенді талдау және сертификаттауға арналған шығындардың бір бөлігін өтеу) мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, министрдің мәліметінше, биылғы жылы экспорттаушыларға дайын тауарларды экспорттау кезінде бірінші рет көлік шығындарын өтеу қарастырылған. Ірі өткізу нарықтарынан алшақтықты ескере отырып, тауардың өзіндік құнындағы тасымалдау үлесі 30%-ға дейінгі көрсеткішті құрайды, бұл экспорттық нарықтардағы бағалық бәсекеге қабілеттілікке елеулі әсер етеді. Мәселен,темір жол (МТЖ, локомотивтік тартқыш және жүк коммерциялық жұмыстары үшін тарифті төлеу) және автомобиль көлігімен (1 км жүргені үшін 300 теңгеден артық емес) өнімді тасымалдау шығындарын өтеу көзделеді.
Тұтастай алғанда, экспорттаушыларды қолдаудың қабылданатын жүйелік шаралары 2022 жылға дейін шикізаттық емес экспорт көлемін 1,5 есе ұлғайту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.