Рауан Кенжехан: 100 жаңа оқулық бұл шын мәнінде – теңдессіз бағдарлама

18 Сәуір 2019, 16:38
3161
Бөлісу:
Рауан Кенжехан: 100 жаңа оқулық бұл шын мәнінде – теңдессіз бағдарлама
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 100 жаңа оқулық бұл шын мәнінде теңдесі жоқ ерекше бағдарлама. Мұндай бағдарлама ешбір елде мемлекеттік деңгейде іске асырылып жатқан жоқ. Бұл туралы «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжехан жаңадан аударылған 30 кітаптың таныстырылуы кезінде айтты. 

Рауан Кенжехан: 100 жаңа оқулық бұл шын мәнінде – теңдессіз бағдарлама



Оның айтуынша, 100 жаңа оқулық сынды бағдарлама ешбір елде мемлекеттік деңгейде іске асырылып жатқан жоқ. 

«Бізде мемлекет басшысының өзі бастамашы болып, оның қалай іске асырылуы керек екенін нақтылап, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры құрылсын» деп және оған елдегі бүкіл ғылыми орта, оқытушыларды үлес қосуға шақырды. Мұндай тәжірибе ешбір елде жоқ. Біз осы жобаны іске асыру үшін сыртқа шыққан кезде оған тағы да көз жеткіздік. Барлығы бұл жобаға таңырқап, қызыға қарауда», - деді ол.

Сонымен қатар ол, осы бағдарлама бойынша аударылған алғашқы 18 оқулық студенттер мен оқытушы қауымының оң бағасына ие болғанын айтып өтті. 

 

Рауан Кенжехан: 100 жаңа оқулық бұл шын мәнінде – теңдессіз бағдарлама



«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша бірінші кезекте басылып, оқу орындарына таратылған философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, антропология, дінтану, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік секілді бағыттарды қамтыған алғашқы 18 оқулық университет студенттері мен оқытушыларына берілді. Және осы ортадан өзінің оң бағасын алған сияқты. Біз оны студенттер мен оқытушылармен кездесіп, сөйлескен сайын естіп жүрміз. Бұл жоба еліміздегі гуманитарлық білімнің мазмұнын тез арада жаңартып, оны халықаралық деңгейге шығаруға жол ашады. Сондай-ақ, қазіргі қазақ тіліндегі  академиялық терминологияның ғылыми стильмен нормаға түсуін үдетті», - деді ол. 

Сөз арасында ол бұл бағдарламаның түпнұсқа тілден, негізінен ағылшын тілінен тікелей аударма жасау мектебінің қалыптасып, күшеюіне негіз қалағанын айтып өтті. 

«Жаңадан аударылған оқулықтарда әдебиет теориясы, халықаралық құқық және бизнес, қазіргі заманғы педагогика, өнер тарихы, интернет психологиясы, стратегиялық менеджмент, маркетинг негіздері, ұйымдық мінез-құлық, медиа және бизнес коммуникация, адам ресурстарын басқару, дипломатия секілді тақырыптар қамтылды», - деп атап өтті Рауан Кенжехан.


 

Өзгелердің жаңалығы