Қазақстандық оқушылар "Код сағаты" акциясы аясында бағдарламалауды үйренеді

11 Желтоқсан 2019, 12:29
4625
Бөлісу:
Қазақстандық оқушылар "Код сағаты" акциясы аясында бағдарламалауды үйренеді
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Astana Hub ғимаратында орналасқан Alem бағдарламалау мектебінде "Код сағаты" акциясы өтіп жатыр. Ауқымды акция 9-14 желтоқсан аралығында Қазақстандағы барлық орта мектепте өтеді. 

ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан ашық сабаққа қатысып, оқушыларға бағдарламалаудың маңызы туралы айтты.

image-11-12-19-11-52-1.jpeg


 

"Код сағаты" акциясы – 180 мемлекетті қамтитын халықаралық шара. Қазақстанда бес жыл қатарынан өтіп отыр. Өткен жылы қатысушылар саны 355 мыңға дейін жетті. Бұл – әрбір оныншы қазақстандық оқушы аталған шараға қатысып, бағдарламалау және ақпараттық технологиялар трендіне қатысты білімдерін толықтырды деген сөз. Қазір әлемдік деңгейдегі Microsoft, Google сияқты алпауыт компаниялар кішкентай балалар мен ересектерге дейін бағдарламалау тілін үйретіп жатыр. Күн сайын көптеген гаджет, смартфонды пайдаланамыз. Оның бәрі бағдарламалау тілі және жасанды интеллектпен жасалып жатыр. Елбасы қоры да осындай бастаманы қолдау арқылы болашақта қажетті мамандарды қазірден бастап дайындауға, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосып келеді. Студент кезден бастап қана программист бола аласың деген шектеуді жоққа шығарып отырмыз. Оқушы кезден бастап бағдарламалауды үйреніп, мобильді қосымша жасап, тіпті табыс табуға болатынын көрсете аламыз, - дейді Марғұлан. 

image-11-12-19-11-52.jpeg

"Код сағаты" акциясын ұйымдастырушы Алена Ткаченко іс-шараны ұйымдастыруға бес жыл бұрын бастама көтерген. Оның айтуынша, бүгін Alem бағдарламалау мектебінде жүзге жуық оқушы ашық сабаққа қатысып отыр. 

image-11-12-19-11-52-7.jpeg


 

Бесінші жыл өткізіп жатырмыз. Бес жыл бұрын 5000-дай қатысушы болса қазір ауқымы артып отыр. Еліміздің барлық өңірінде өткіземіз. Ауылдық мектептерді де қамтимыз. Былтыр 350 мың қатысушы болды. Әр төртінші оқушы осы ашық сабаққа қатысады. Компьютер мен интернет әрбір мектепте бірдей бола бермейді, сол себепті өңірлік білім беру басқармаларымен бірге жұмыс істейміз. Мектепте бағдарламалауды өткен кезде бәрі бірдей қызығушылық таныта қоймайды, екіншіден қыздар мұның қиын екенін, өздеріне арналмағанын айтады. Біздің міндетіміз балаларға бағдарламалаудың қызық екенін көрсетіп, әрі қарай тұрақты айналысуға жігерлендіру. Мектептердің компьютер мен интернетпен қамтылуына байланысты тапсырмалардың төрт түрін әзірледік, - деді Ткаченко. 

image-11-12-19-11-52-2.jpeg

Аталған шара Елбасы қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Love to Code, Method.kz ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

image-11-12-19-11-52-8.jpeg


 

Бұл акция оқушылардың информатикаға, программист мамандығына қызығушылығын арттыруға, балалардың бағдарламалау дағдыларын дамытуға бағытталған жаһандық қозғалыс. "Код сағаты" акциясы әлемнің 180 астам елінде өтеді. Бір апта бойы оқушылар программалауды үйреніп, 2015 жылы танымдық сабақтарға 74 мың адам қатысса, 2018 жылы 355 мыңға жетті.

image-11-12-19-11-52-4.jpeg


 

Өзгелердің жаңалығы