2020 жылы Қазақстанның 421 елді мекеніне интернет жүргізіледі

11 Желтоқсан 2019, 12:27
4161
Бөлісу:
2020 жылы Қазақстанның 421 елді мекеніне интернет жүргізіледі
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы интернетке қосу жобасына арналған баспасөз-мәслихаты өтті. 

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнар Бөкееваның сөзінше, бүгінгі таңда еліміздегі қала және аудан орталықтарында тұратын халық интернетпен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген. Сол себепті министрлік үшін қазіргі басты мақсат – интернетке алыс елді мекендерді де қосу. 
Біз бұл жобаны "Транстелеком" компаниясымен бірлесе отырып, мемлекттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырып жатырмыз. Жоба бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы 1250 ауылдық елді мекендігі 3700-ге жуық мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымды интенетке қосу жоспарланған. Қазіргі кезде 840 мемлекеттік ұйымды қоссақ, жыл соңына дейін 685 ауылда орналасқан 2000-ға жуық мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымға кең жолақты интернет желісін жеткізіп береміз, - деді министрлік өкілі. 
спу1.jpeg

 Гүлнар Бөкееваның айтуынша оптикалық-талшықты байланыстың ауылдық жерлерге келуі ұялы байланыс операторларының дамуына алып келеді. 

"Транстелеком" АҚ желілік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі атқарушы директоры Айдар Мағзұмовтың айтуынша, ауылдық жерлерге интернет жеткізу жобасы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. 
Мемлекетпен бірлесіп істеп жатқан жобамыз 2018-2020 жылдарға арналған. Мақсатымыз – 5600 шақырым талшықты-оптикалық байланыс жүйесін салу. Яғни жоба соңына дейін Қазақстанның 421 елді мекеніне интернет жүргізіп, 1200 мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымды жылдамдығы жоғары желіге қосамыз деп отырмыз. Талшықты-оптикалық байланыс желісін салу арқылы 2020 жылы ауылдық жердегі 451 мектеп, 349 емхана, 281 жергілікті әкімшілік пен 112 құқық қорғау органдары қосылады деп жоспарланған, - Айдар Мағзұмов. 
Сөз соңында мекеме басшысы бұл жоба ауылдық елді мекендердің тұрғындарына көптеген қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік беретінін жеткізді.




Өзгелердің жаңалығы