Алматыда Белгісіз солдаттың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

7 Мамыр 2024, 14:11
372
Бөлісу:
Алматыда Белгісіз солдаттың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Фото: Zakon.kz

Бүгін Алматы қаласының орталық зиратында Жеңіс күнінің 79 жылдығы қарсаңында Белгісіз солдаттың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Zakon.kz сайтының мәліметінше, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне ҰОС ардагері Илья Кудин, әскери іс-қимылдар ардагері Амангелді Түсеев, Жетісу ауданының әкімі Гүлнара Көкөбаева, тыл ардагерлері, шекара әскерлерінің, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері, Жетісу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы және аудандық мекемелердің басшылары қатысты.

Аудан әкімі Илья Григорьевич Кудинге Мемлекет басшысы, Алматы қаласының әкімі, ҚР Қорғаныс министрінің құттықтау хаттарын табыс етті. Сондай-ақ естелік сыйлықтар берілді.

2024 жылғы 5 мамырда ҰОС ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек ақша төленді. Қазақстан ардагерлері ТМД-да ең жоғары төлем алады.

Өзгелердің жаңалығы