Бүгін Тоқаев волонтерлардың BIRGEMIZ офисін ашады

12 Ақпан 2020, 10:45
2258
Бөлісу:
Бүгін Тоқаев волонтерлардың BIRGEMIZ офисін ашады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Фронт-офис республика бойынша кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпараттық орталық қызметтерін атқарады. Бірер минуттан кейін еліміздегі Волонтер жылы аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесінің "Art Hub" павильонында орналасқан волонтерлердің "BIRGEMIZ" республикалық фронт-офисын ресми түрде іске қосады.


Бұдан бөлек республика бойынша волонтерлік жобаларды үйлестіру және қоғамдық мониторингілеу; волонтерлық мәселелері бойынша халыққа кеңес беру үшін бірыңғай Call-орталығының жұмысын ұйымдастыру; Оқыту блогы: оқыту бағдарламаларын әзірлеу, өңірлік жаттықтырушыларды (TOT) дайындау, оқыту семинарларын өткізу; Волонтерлықты танымал ету бойынша бірыңғай ақпараттық саясатты ұйымдастыру аясында ішінара бірнеше жұмысты ұйымдастырады.

Фронт-офистың ашылуы барысында "QAZVOLUNTEER.KZ" онлайн платформасының жұмыстары және волонтерлықтың "Bilim", "Qamqor", "Úmit", "Sabaqtastyq", "Taza Álem" және "Saulyq" 7 салалық бағыттары бойынша алаңдары таныстырылды. Аталған жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың нақты жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын (ерікті миссия) қолдау үшін шағын гранттар бөлінеді деп жоспарланған.

Волонтерлер жылының аяқталуы Қазақстанның дамуына және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үлес қосқан үздік волонтерлар мен волонтерлық бастамаларды көтермелеуді көздейтін "Жыл волонтеры" халықаралық сыйлығы болады.

Фронт-офистің ашылуына орай екі күндік шара ұйымдастырылып отыр. Ол 2020 жылдың 12-13 ақпаны аралығында өтеді.

Бірінші күнінде:

Фронт-офис пен "qazvolunteer.kz" онлайн-платформасы жұмысының тұсаукесері;

- "Игі істер" алаңдарының жұмысымен танысу;
- Аймақтық үйлестірушілермен, еріктілермен, бастамашыл топтармен және ҮЕҰ-мен "BACK-ОФИСТЕ"  кездесу;
- Волонтерлік аймақтарды көрсету;
- Ресми тұлғалардың диалог алаңы форматында волонтерлермен кездесуі (ІІМ, ДСМ, МСМ, ЭГТРМ, БҒМ, ЕХҚКМ) өтеді.

Екінші күнінде:

Жалпыұлттық тәжірибе, халықаралық және волонтерлік жобаларды келесі форматта таныстыру жоспарланған: оқыту семинары, тренинг, мастер-класс және мотивациялық сессия. 
Тренер, модератор және спикер ретінде халықаралық және отандық сарапшылар, ҮЕҰ өкілдері, еріктілер мен қайырымдылық ұйымдарының жетекшілері қатысады.

Фронт-офис бүкіл Қазақстанның волонтерлары үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпараттық орталыққа айналатын болады.
Сондай-ақ, ол волонтерлық жобалар мен оқыту бағдарламаларын үйлестіру және мониторингтеу, волонтерлықты ілгерілету бойынша бірыңғай ақпараттық саясатты жүргізеді және бірыңғай Call-орталығының жұмысын ұйымдастырады.

Волонтерлер жылының аяқталуы Қазақстанның дамуына және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үлес қосқан үздік волонтерлар мен волонтерлық бастамаларды көтермелеуді көздейтін "Жыл волонтеры" халықаралық сыйлығы болады.





Өзгелердің жаңалығы