Волонтерлар үшін 17 аймақта фронт-офис ашылады - Абаев

12 Ақпан 2020, 11:36
2360
Бөлісу:
Волонтерлар үшін 17 аймақта фронт-офис ашылады - Абаев
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы волонтерлық бағыттың дамуы және осы жылдың мақсатын ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтып берді.

Биылғы Волонтерлар жылы аясында бірқатар ауқымды жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Осы ретте бүгінгі ашылып отырған фронт-офис еліміздегі волонтерлық қызметті жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз. Бұған қоса, Қасым-Жомарт Кемелұлы, өзіңіз бастама қылып көтерген қайырымды істер жылын жоғары деңгейде ұйымдастыруда фронт-офис күш-жігерін салады деп ойлаймын,  - деді Абаев.

Министрдің айтуынша, елімізде қазір 200 волонтерлық ұйым тіркелген. Оған 50 мың адам белсенді атсалысады. Дегенмен жалпы есепте қазақстандықтардың 6% ғана белсенді волонтер екен.
Бүгінде елімізде 200 волонтерлық ұйым бар. 50 мың белсенді азамат қатысады. "Таза Қазақстан" акциясына 300 мың адам қатысты. Бізде Арысты қалпына келтіруде волонтерлардың белсенділігін көрдік. Оған жүздеген белсенді жас қатысты. Мұнымен бірге, ЭКСПО-2017 көрмесі де волонтерлыққа жақсы үлес қосты. Биыл осы акцияны "Волентерлар жылы" аясында жалғастырып, миллион адам жұмылдырылады деп үміттенеміз. Осының барлығына қарамастан, волонтерлықтың қазіргі ахуалына қарасақ, қазақстандықтардың бар-жоғы 6% белсенді волонтер болып жүр. Бірақ бізде жақсы көрсеткіш бар. Қазақстандықтардың 48% волонтерлыққа атсалысуға дайын. Мұнымен бірге, халықаралық зерттеулерге сүйенсек, Қазақстан волонтерлық қызметі төмен  дамыған елдердің қатарында. Қазақстанда әлі де волонтерлық мәдениеті, дәстүрі дамымаған, ынталандыру жоқ, сонымен қатар, тіркеу және мадақтау жүйесі жақсы дамымаған. Осы барлық проблеманы біз шешуіміз керек және волонтерлық жаңа деңгейге өсіруіміз керек. Осы проблемалардың барлығын шешу үшін республикалық фронт-офис ашайық деп отырмыз. Қазір осы жерде тұрмыз. Қазақстанның кез келген азаматы осында келіп, тіркеліп, волонтер бола алады. Сондай-ақ біз азаматтарымыздың барлық қажеттілігін де осы жерде жинақтап, олардың қайда баруына көмектесе аламыз. Тағы 17 аймақта аймақтық волонтерлық офис ашылады. Барлығы бір жүйемен жұмыс істейтін болады. Кол-орталық болады, - деді ол.

Бұған дейін мемлекет басшысының елордадағы фронт-офисті ашатыны туралы хабарлағанбыз.
Өзгелердің жаңалығы