Алматы облысында топырақ көшкіні жүрді

2 Мамыр 2024, 15:01
4333
Бөлісу:
Алматы облысында топырақ көшкіні жүрді
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Талғар ауданында көлемі 30 текше метр топырақтың өздігінен сырғуы орын алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға орнында 5 арнайы техника мен «Қазгидроспецстрой» ЖШС-нің 20 қызметкері жұмыс істеп жатыр. 

Ауа райының тұрақсыздығына байланысты топырақтың батпақтануы сағат 11.20-да Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылы, «Бурабай» коттедж қалашығы, Баянауыл көшесі №8 мекенжайында болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Құрылыс нысандарының қирауы жағдайлары тіркелген жоқ. Көшкін салдарын жоюға «Қазселденқорғау» ММ – 1 қызметкер 1 техника, Төтенше жағдайлар департаментінен 1 л/с, 1 техника және жергілікті атқарушы органдардан 2 адам мен 1 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта, оқиға орнында 5 арнайы техника мен «Қазгидроспецстрой» ЖШС-нің 20 қызметкері жұмыс істеп жатыр, – дейді Алматы облысының әкімдігі. 

Өзгелердің жаңалығы