Балқаш прокуратурасы бюджет қаражатының жымқырылуын анықтады

5 Тамыз 2019, 16:09
2101
Бөлісу:
Балқаш прокуратурасы бюджет қаражатының жымқырылуын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаш қаласының «Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің бухгалтері бюджеттен өзінің жеке шотына аудару жолымен 1,4 млн теңгеден астам соманы жымқырған, деп хабарлады Бас прокуратураның сайты.

Аталған фактіні Балқаш қалалық прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының сақталуына өткізген тексеріс барысында анықтаған.  

"Кейіннен осы дерек бойынша Балқаш өңірі бойынша сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабының 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (бюджет қаражаттарын қызмет бабын пайдалана отырып жымқыру) қылмыстық іс қозғап, тергеген. Сот барысында сотталушы кінәсін толық мойындап, мемлекетке келтірілген шығынды өтеген. Қарағанды облысының Балқаш қаласы сотының 2019 жылғы 21-ақпандағы үкімімен оған 2 жылға бостандығын шектеу және 3 жыл белгілі лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған. Сот актісі заңды күшіне енді", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы