Қарағандының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

23 Қаңтар 2020, 17:40
1667
Бөлісу:
Қарағандының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді, оларды бақылауды қала әкімдігі жанындағы штаб жүзеге асырады, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

Қарды жинауға және шығаруға қатысты барлық мәселелер бойынша қала тұрғындары арнайы телефондарға хабарласа алады. Қарағанды қаласының әкімдігі қаланың барлық кәсіпорындарын іргелес аумақтардағы қарды уақытылы тазалауды, сондай-ақ өз қызметкерлері үшін жұмыс күнін қысқартуға шақырады. Сонымен қатар, ПИК жұмысын күшейтулерін, аулаларды тазалауын сұрайды, - делінген ақпаратта. 
Аула жолдарын тазалау мәселесі бойынша аудан әкімдіктерінің диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады. Барлық өтінімдер дәйекті түрде пысықталатын болады.

 


Өзгелердің жаңалығы