Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады.
«Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шеңберiнде облыстың денсаулық сақтау мекемелерi заманауы 40 санитарлық көлiк құралымен толықты. Өңiр өкiлдерiне кiлттерiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Медицина қызметкерлерiнiң күнiне арналған салтанатты iс-шараның басталар алдында табыс еттi», - деп хабарлады облыс әкiмiнiң баспасөз қызметi.Ақмола облысында медициналық көмектiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету бойынша кешендi шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, жаңа емдеу мекемелерi салынуда, қолданыстағы денсаулық сақтау объектiлерiнiң материалды-техникалық базасы нығайтылуда, жаңа технологиялар енгiзiлуде, жоғары бiлiктi медициналық кадрларды дайындау мен тарту бойынша жұмыс жүргiзiлуде.
"Соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесiне бюджеттiк шығындар көлемi 13%-ға, 2016 жылғы 35 млрд теңгеден 2019 жылы 40 млрд теңгеге дейiн артты. Осы уақыт iшiнде 800 данадан астам медициналық техника, шамамен 20 сақтау объект пайдалануға берiлдi, 50 объектiсiне күрделi жөндеу жүргiзiлдi. Ағымдағы жылы Атбасар ауданында дәрiгерлiк амбулаторияның және Аршалы ауданында медпункттiң құрылысы аяқталып келедi. Целиноград ауданында емхананың құрылысын бастау жоспарлануда, сондай-ақ дәрiгерлiк амбулатория құрылысы үшiн ЖСҚ әзiрлеуге қаражат бөлiндi. 9 объектiде күрделi жөндеу жүргiзiлетiн болады", - делінген таратылған ақпаратта.
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнде облыс әкiмiнiң гранты бойынша өңiрлер үшiн 50 маманды даярлау жүзеге асырылуда.
Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесi үшiн, облыс әкiмi медициналық ұйымдардың қызметкерлерiн ведомстволық наградалармен және алғыс хаттармен марапаттады. ҚР құрметтi дәрiгерi, Көкшетау қаласының құрметтi азаматы Болат Жанәдiловтiң туған күнi кәсiби мереке күнiне тура келдi, оны бүгiн салтанатты түрде өңiр қауымдастығының атынан облыс әкiмi Ермек Маржықпаев құттықтады.
Әрiптестерiн кәсiби мерекесiмен облыстық медициналық қызметкерлерi кәсiподағының төрағасы Серiк Кәкенов те құттықтады. Ол 3 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаттарын кардиолог Ботагөз Тiлеубаеваға және эндокринолог Гүлмира Сыздықоваға бердi. Бұл өтеусiз алғашқы жарна «7-20-25» бағдарламасының шеңберiнде дәрiгерлерге тұрғын үй мәселесiн шешуге көмектеседi