Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы бірнеше сот ғимаратынан адамдарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр, деп хабарлады Zakon.kz.
Адвокат Жохар Утебеков Facebook-тегі парақшасына белгісіз біреу Алматыдағы барлық сот ғимаратына бомба қойғаны жөнінде хабаралағанын жазды. Осыған орай адамдарды қауіпсіз жерге шығаруда.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жартылай растады. Бомба қойылғаны жөнінде ақпарат расымен де болған, алайда бүкіл қала бойынша емес. Қазір жағдайдың мән-жайы анықталуда.
Куәгерлердің айтуынша, қаладағы Түркісіб, Медеу және Алатау ауданындағы сот ғимаратындағы адамдар эвакуацияланған.