Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Жарқайың ауданында «Сервистік әкімдік» ашылды. Іс-шара Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин мен аудан әкімінің қатысуымен өтті.
Мемлекеттік орган жұмысының жаңа моделі халыққа «бір терезе қағидаты» бойынша әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтер мен кеңес беру көмек алуға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейді.
Сондай-ақ, өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшылығы жергілікті атқарушы органдардың аудандық құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өткізді. Одан басқа, басшылық Ақмола облысына келіп түсетін шетелдік гуманитарлық көмекті бөлудің ашықтығына мен дәрі-дәрмектердің шекті бағаларын сақтауға мониторинг шеңберінде ауданның ауруханасы мен дәріханаларына барды.Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында Департамент мемлекеттік органдардың қызметінде «сервистік» форматты енгізуді белсенді іске асыруда. Жарқайың ауданының «Сервистік әкімдігінің» ашылуымен осы форматқа көшу тәжірибесін аудандық деңгейде тарату аяқталуда. Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар жұмысында қолжетімділік, ашықтық, тұтынушыға бағдарлану және есептілік мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Осы орайда, осы қағидаттарды қамтамасыз ету үшін осындай тәжірибе алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – деді іс-шара барысында Арман Бердалин.