ЕАЭО елдерінің азаматтары зейнетке шыққанда еңбек өтілі есепке алынуы керек – Путин

29 Мамыр 2019, 15:36
1906
Бөлісу:
ЕАЭО елдерінің азаматтары зейнетке шыққанда еңбек өтілі есепке алынуы керек – Путин
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі. Еуразиялық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі (ЕАЭО) азаматтарының еңбек өтілін зейнетақы төлеу кезінде есепке алуды көздейтін келісімді әзірлеп жатыр. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.

«Біз Еуразиялық интеграцияның неғұрлым жаңа салаларды жайлап қамти бергенін қалаймыз. Оның ішінде әлеуметтік және еңбек саясаты да бар. Бұл жерде мен Қырғызстан президентімен келіспей қоя алмаймын – бұл қызметтің өте маңызды бағыты», - деді Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында.

Сонымен қатар, ол Еуразиялық комиссия ЕАЭО елдері азаматтарының еңбек өтілін зейнетақы төлеу кезінде есепке алынуын көздейтін келісім дайындап жатқанын айтты. 

Айтуынша, нақты азамат үшін, өмір бойы жұмыс істеген қарапайым адам үшін бұл өте маңызды. Егер келісімге қол қойылса, ЕАЭО аясындағы елдердің азаматтары зейнетке шыққанда, олардың Одаққа мүше басқа елдегі еңбек өтілі есепке алынбақ.

Өзгелердің жаңалығы