Зымыран-2023: Жетісу облысында штабтық оқу-жаттығу өтті

4 Қараша 2023, 02:10
693
Бөлісу:
Зымыран-2023: Жетісу облысында штабтық оқу-жаттығу өтті
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жетісу облысында 2023 жылғы 2-3 қарашада «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, РОСКОСМОС өкілдерінің жедел ақпараты бойынша 2023 жылғы 2 қараша күні сағат 10.30-да «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Днепр» зымыран тасығышының ұшқанынан 200 секунд өткеннен кейін төтенше жағдай орын алды. Зымыран кенеттен ұшу бағытын өзгертті және Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Көпбірлік ауылының маңына құлап, жарылды (шартты түрде).

ТЖД бөлімшелері мен облыстың азаматтық қорғау қызметтері зымыран тасығыштардың аварияларына байланысты төтенше жағдайларды жою бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтады.

Жалпы, облыстың азаматтық қорғауды басқару органдары республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың міндеттерін орындады. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы