Зыгарь: Америкалықтар үшін Қазақстан Қытайдың серігіне айналмауы керек

26 Наурыз 2023, 15:52
2446
Бөлісу:
Зыгарь: Америкалықтар үшін Қазақстан Қытайдың серігіне айналмауы керек
Фото: Soz_communnity скрин

Белгілі жазушы әрі журналист Михаил Зыгарь АҚШ пен Еуропаның Қазақстанға деген көзқарасы қандай екенін айтты,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

SöZ Astana Public Talk сайтында «Қазақстан трансформациялар тоғысында» тақырыбындағы пікірталаста жазушы, режиссер, саяси журналист, «Дождь» телеарнасының экс-бас редакторы Михаил Зыгарь сөз сөйледі.

Қазақстандағы өткен сайлау туралы пікір айтуға әлі ерте, бұл анық.  Соңғы жылда Қазақстанға азаматтардың көзқарасы қалай өзгергенін өзім араласатын ортамнан байқалады. Менде қытайлық ішкі дереккөздер аз, сол себепті қытайлық көзқарасты айта алмаймын, - деді Зыгарь.

Ол Еуропа мен америкалықтардың көзқарасы бойынша Қазақстандағы өзгерістер басқаша көрінетінін атап өтті.

Егер америкалықтардан бастасақ, онда олардың көзқарасы өте қарапайым. Бір жағынан, америкалық саясаткерлер үшін ең маңызды аксиома бар, мәселен қазіргі таңда Қытай олардың басты жауы. Сондықтан басқа елдердің бәрі осы парадигмаға сәйкес келеді: «Олар Қытай жағында, немесе Қытайдың «клиентіне» айналмау үшін оларды Қытайдан жұлып алуға болады», – деді журналист.

Жазушының түсіндіруінше, америкалық истеблишменттің Ресейге қатысты ойы екіұшты. Яғни америкалықтар Украина жеңісін тілейді, бірақ содан кейін «Қытай императорының киім сөресінде адасып қалмайтындай етіп Ресейді алуы керек. Қазақстан туралы ойы да осыған ұқсас.

Америкалықтар үшін Қазақстанның Қытайдың серігіне айналмауы өте маңызды болып отыр.

Бұл оларға жақын саясат болмақ. Америка туралы Директивті түрде айту қиын, өйткені 2024 жылдың қарашасында (АҚШ президентін сайлау күні) бір нәрсе өзгеретіні анық. АҚШ (саясаткерлер арасында) пен Қытайдың текетіресі ұзаққа созылуы мүмкін, сондықтан қазбалап, одақтас жинауы керек - бұл олардың дәл қазіргі бағыты, - деді Зыгарь.

Өзгелердің жаңалығы