"Зиялылықтың рәмізіндей азамат болды": Бауыржан Омаров тұңғыш рәмізтанушы туралы

24 Мамыр 2024, 15:47
281
Бөлісу:
"Зиялылықтың рәмізіндей азамат болды": Бауыржан Омаров тұңғыш рәмізтанушы туралы

Филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Омаров қазақ елінің тұңғыш рәмізтанушысы Ербол Шаймерденовті еске алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Рәмізтанудың тарихынан, шежіресінен бастап қазіргі қазақ рәмізтануы қандай болу керек деген тұжырымға дейін әкеліп табан тіреткен. Рәміз деген қасиетті нәрсе ғой. Ұлттық рәмізіміз кішкене сөз болса, бәріміз ел болып талдаймыз. Мемлекеттік рәміздеріміз киелі нәрсе деп есептесек, Ербол ағаның өзі де бір рәміз сияқты адам болды. Ерен еңбектің, еңбекқорлықтың, адамгершілік бір ағалықтың, зиялылықтың рәмізіндей азамат болды, - деді ол.

Омаров бұл сөзді Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған Ербол Шаймерденұлының 70 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференцияда айтты. Сондай-ақ Ербол Шаймерденовтің қазақ афоризмдерін топтастырғанына да тоқталды.

Афоризмдерді сауаттылықпен, түсініп, жақсы топтады. Жұртқа түсіндіретін деңгейде соны жинап, кәдімгі үлкен ғылыми сараптаманың деңгейіне көтеріп, оқырманға ұсынды. Жалпы, қазақ афоризмдерінің қазіргі кезеңдегі ең бір жинақтаушысы, жұртқа ұсынушысы, соның түсіндірушісі болып Ербол аға саналады, - деді ол.

"Зиялылықтың рәмізіндей азамат болды": Бауыржан Омаров тұңғыш рәмізтанушы туралы

Еске сала кетейік, Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Астанада рәмізтанушы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Шаймерденовке арналған ғылыми-танымдық конференция өтті.

Өзгелердің жаңалығы