Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды

22 Қаңтар 2021, 22:18
1232
Бөлісу:
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Реал Мадрид» клубының жаттықтырушысы Зинедин Зиданның коронавирус бар-жоғын анықтайтын тест оң нәтиже көрсетті.

Зидан 2019 жылы «Реал Мадридтің» жаттықтырушысы болып тағайындалған еді. Клубпен жасаған келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін.

Ол бұған дейін Мадрид клубын 2016 жылдан 2018 жылға дейін жаттықтырған болатын. Оның басшылығымен «Реал» чемпиондар лигасын үш рет жеңіп, екі рет Испания чемпионы атанды.



Өзгелердің жаңалығы