Жылқы еті қымбаттай ма? – Министр жауабы

Жұтқа байланысты жылқы еті қымбаттай ма? Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 pixabay.com 26 Наурыз 2024 2024, 12:09
26 Наурыз 2024 2024, 12:09
2115
Фото: pixabay.com

Жұтқа байланысты жылқы еті қымбаттай ма? Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысынан соң өткен брифингте БАҚ өкілі министрге "Биылғы жұтқа байланысты жылқы еті қымбаттап кетуі мүмкін бе?" деп сұрақ қойды.

Жылқы еті қымбаттамайды. Себебі, жылқы шаруашылығы жақсы дамып жатыр. Елімізде 4 млн бас жылқы бар. Сондықтан осыған байланысты жылқы еті қымбаттамайды, - деді Сапаров.

Бұған дейін Айдарбек Сапаров Ұлытау облысында 360 бас жылқы қырылғанына қатысты түсініктеме берді. 

Сонымен қатар Премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасының көбі тозғанын және ол мәселенің әлі шешілмей отырғанын айтқан еді.

Наверх