Ауыл шаруашылығы техникасының 75 пайызы тозған - Үкімет басшысы

26 Наурыз 2024, 11:36
298
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы техникасының 75 пайызы тозған - Үкімет басшысы
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасының көбі тозғанын және ол мәселенің әлі шешілмей отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауыл шаруашылығы техникасының тозуы өткір проблема күйінде қалып отыр. Қазіргі таңда жалпы техника паркінің шамамен 75 пайыздан астамының тозығы жеткен. Бұл мәселе де тиісті шешімді талап етеді. Диқандардың жаңа техниканы сатып алуын жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту қажет. Аталған мәселені шешу үшін фермердің өзі төлеп келген алғашқы 15 пайыз жарнаның орнына тікелей лизингтік компанияға инвестициялық субсидия салынуға тиіс, - деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының айтуыеша, өткен жылғы субсидиялар бойынша қарыз 160 млрд теңгеден асып кеткен.

Бұл шаруаларға өздерінің айналым қаражатын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Оның үстіне фермерлер өздеріне тиесілі субсидиялардың тым кешігіп төленетініне наразылық білдіруде. Өткен жылғы субсидиялар бойынша қарыз 160 млрд теңгеден асып кетті. Бұл қаражатты егіс жұмыстарына жаратуға болатын еді. Жеңілдікті дизель отынын үлестіру барысы да ерекше бақылауда болуға тиіс. Алыпсатарлыққа және қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керек. Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы қажет, - деді Премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы