Жылқы шаруашылығына еңбек сіңіріп жүрген жандар марапатталды

5 Қараша 2021, 15:55
1397
Бөлісу:
Жылқы шаруашылығына еңбек сіңіріп жүрген жандар марапатталды
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласында өтіп жатқан жылқы шаруашылығына қатысты халықаралық конференция аясында жылқы шаруашылығына еңбек сіңіріп жүрген мамандар арнайы төсбелгімен марапатталды. 

«Аграрлық ғылымға, білімге және өндіріске еңбек сіңіргені үшін» төсбелгісін Қазақ Ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің ректоры, ҰҒА академигі Тілектес Есболовтың атынан университет профессоры, жылқытанушы ғалым Қайрат Исхан тапсырды. 

WhatsApp Image 2021-11-05 at 14.52.18.jpeg

Сонымен, жылқы шаруашылығына еңбегі сіңген азаматтарға берілетін марапат — жылқытану саласының магистрі, еліміздегі Мұғалжар тұқымды жылқы шаруашылығын дамытуға айрықша үлес қосып жүрген азамат, Ақтөбе облысындағы «Жансая» шаруа қожалығының басшысы Әлібек Базарғалиев, Павлодар мемлекеттік университеті «Зоотехнология, генетика және селекция» кафедрасының профессоры, Павлодар облысы Жылқы өсірушілер қауымдастығының төрағасы, ғалым Төлеген Азанбаев және Асқар Данабаев, Айтмұхамбет Қожабеков қатарлы шаруашылық басшылары алды. 

WhatsApp Image 2021-11-05 at 14.52.06.jpeg

Арнайы төсбелгіні ешкімге мақтан үшін көрсетпейтініміз анық. Дегенмен бұл – осы салада жүрген жандарға мотивация. Еңбегінің еленгенін, өзі істеп жүрген істің ел үшін, болашақ үшін дұрыс екенін сезіну үшін керек. Әрбір адам өз ісінің еленгенін қалайтыны анық қой. Бұл сол үшін берілді, – дейді «Жансая» шаруа қожалығының басшысы Әлібек Базарғалиев.

Өзгелердің жаңалығы