Жылда 5 мың адам инсульттен кейінгі алғашқы 10 күнде қайтыс болады - нейрохирург

4 Тамыз 2022, 11:57
1346
Бөлісу:
Жылда 5 мың адам инсульттен кейінгі алғашқы 10 күнде қайтыс болады - нейрохирург
Фото: автордан

Бұл туралы Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының басшысы Ержан Әділбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, әлемдік статистикаға сәйкес, әлемде жыл сайын 33 млн-нан астам адам инсультпен ауырады. Ал оның 5 млн-ы аталған дерттен көз жұмады. 

Өкінішке қарай, елімізде жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульт алып, ауру-сырқаулық, өлім-жітім және жоғары мүгедектік құрылымында жетекші орын алады. Ал оның 5 мыңы алғашқы 10 күнде қайтыс болады. Белгілі болғандай, инсульт жүрек-қан тамырлары ауруларына жатады және оның пайда болу қаупі факторлары барлық жүрек-қан тамырлары ауруларымен бірдей. Инсульт немесе ми қан айналымының жіті бұзылысы – бұл шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет ететін кезек күттірмес жағдай. Бүгінгі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инсультты бүкіл әлемде індет деп жариялады, - деп атап өтті жоғары санатты нейрохирург «Инсульт мектебі» халықаралық конференциясынан кейін берген сұхбатында. 

Сондай-ақ ол дүние жүзіндегі жағдай да көңіл көншітерлік еместігін алға тартты.

2019 жылы бүкіл әлемде 12,2 млн-нан адам инсульт алып, оның 6,6 млн-ы көз жұмды. Бұл  мәлімет бойынша инсульт әлемдегі өлім-жітімнің екінші себебі болып отыр. Бүкіл әлемде 100 млн-нан астам адам инсульттің салдарын бастан өткерді және осы жағдаймен өмір сүріп келеді. Біз жыл сайын өткізілетін «Инсульт мектебі» халықаралық конференциясы дәстүрлі түрде әріптестердің кездесу орнына, пікір алмасу және білім беру іс-шаралары алаңына айналды және шын мәнінде медицинада инсультті диагностикалау, емдеу және оңалтуға қатысты мәселелер қаралатын, сондай-ақ Қазақстанның инсульт қызметінің өзекті мәселелері талқыланатын ауқымы жоғары үлкен оқиға, - деді Ержан Әділбеков.

Өзгелердің жаңалығы