Премьер-министр Олжас Бектенов пилоттық режимде өзінің тиімділігін дәлелдеген цифрлық шешімдерді кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осындай оңтайлы мысалдардың бірі – азаматтарға жұмысқа тезірек орналасуға, оқу курстарын таңдауға және онлайн режимде қолдау алуға мүмкіндік беретін «Цифрлық жұмыспен қамту қызметі» жобасы болмақ.
«Сондай-ақ өз тиімділігін көрсеткен шешімдердің қолданылу аясын кеңейтіп, оларды тұрақты өнеркәсіптік пайдалану режиміне көшіру қажет. Осындай оңтайлы мысалдардың бірі – «Цифрлық жұмыспен қамту қызметі» жобасы. Ол азаматтарға жұмысқа тезірек орналасуға, оқу курстарын таңдауға және онлайн режимде қолдау алуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Еңбек министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, аталған сервисті осы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірінде іске қосу тапсырылды.
Айта кетейік, бұған дейін Бектенов eGov GPT арқылы көрсетілетін қызметтер санын 150-ге жеткізуді тапсырды.