Жыл сайын елімізде 10 мыңнан астам адам онкологиядан емделеді

22 Маусым 2022, 12:12
1317
Бөлісу:
Жыл сайын елімізде 10 мыңнан астам адам онкологиядан емделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еліміздің бас онкологы Диляра Қайдарова мәлімдеді. 

Оның айтуынша, өзі басшылық ететін Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты жыл сайын 10 мыңдай адамды емдейді. 

Атап айтқанда, хирургиялық инновациялық операциялар, таргеттік терапия, иммунды терапия жүргізіледі. МЖӘ арқылы сатып алынған жаңа сәулелену аппараттары бар. Халықаралық деңгейдегі көптеген емханалармен бірлесіп жұмыс істейміз. Соның ішінде Америкалық онкологтар қауымдастығымен шарт жасасқанбыз. Олар мамандарымыздың оқу ақысын қаржыландырады, - деп атап өтті институт директоры. 

Сонымен қатар белгілі дәрігер онкологиялық қызметтегі үздік жобаларға тоқталып өтті.

 Ұлытау өңірінде өткен Ұлттық құрылтайға қатысты. Ол жақта көпсалалы ауруханаға барып, онкологиялық бөлімшемен таныстым. Жаңа хаттамаларды жүзеге асыруға кірісеміз деп жоспарладық. Оның үстіне, әр облысқа жеке-жеке барып, көмек көрсетіп тұрамыз, - дейді Диляра Қайдарова.  

Өзгелердің жаңалығы