Жыл сайын 40 мыңға жуық қазақстандық қатерлі ісікке шалдығады

27 Қазан 2023, 15:53
1072
Бөлісу:
Жыл сайын 40 мыңға жуық қазақстандық қатерлі ісікке шалдығады
Фото: Қазақ онкология және радиология ҒЗИ баспасөз қызметі

Елімізде жыл сайын 37 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдығады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ДСМ штаттан тыс бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының төрайымы Диляра Қайдарова мәлімдеді.

Айтуынша, 19 мыңнан астам адам қайтыс болады.

Есепте тұрған онкологиялық науқастардың контингенті өсуді жалғастыруда және 2022 жылдың соңына қарай олардың саны 205 мыңнан астам адамды құрады. Онкологиялық аурулардың құрылымында бірінші орында сүт безі обыры, екінші орында – өкпе обыры, үшінші орында – колоректальды обыр, төртінші орында – асқазан обыры тұр. Өлім құрылымында бірінші орынды – өкпе обыры, екінші орынды – асқазан обыры, үшінші орынды – колоректалді обыр, төртінші орынды – сүт безі обыры алады, - деп атап өтті бас онколог елордада өтіп жатқан Қазақстан онкологтары қауымдастығы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған Қазақстан онкологтары мен радиологтарының IX съезінен соң берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол жабдықтарды жаңғыртуға, ескірген жаңа онкология орталықтарын салуға қаржыландыру бөлінгеніне, оқытуға, жаңа препараттарға қаржыландыру бөлінгеніне тоқталды.

Қазақстанда 217 мың пациент есепте тұр. Жыл сайынғы өсім 4%-дан асады. Сырқаттанушылық бойынша бірінші орында сүт безі обыры, екінші орында өкпе обыры. Өлім құрылымы бойынша өкпе обыры ерлердің арасында бірінші орында. Біз жылына әйелдерге қарағанда еркектерден айырыламыз. Бірақ сүт безі обырының салдарынан әйелдер көп ауырады. 2022 жылы 40 мыңға жуық қазақстандық онкологиялық аурулармен ауырады. Олардың 55%-ы еңбекке қабілетті жаста. Амбулаториялық-емханалық көмек бірінші кезеңде көрсетіледі, - деді Диляра Қайдарова.

Өзгелердің жаңалығы