Жыл сайын 14 мыңнан астам адам онкологиядан қайтыс болады - ДСМ

2 Желтоқсан 2022, 15:28
884
Бөлісу:
Жыл сайын 14 мыңнан астам адам онкологиядан қайтыс болады - ДСМ

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Сенаттағы Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, онкологиялық аурулармен күрес Мемлекет басшылығының ерекше бақылауында тұр. 

Жыл сайын елімізде 35 мыңнан астам адам обырға шалдығады. 14 мыңнан астам адам қайтыс болады. Д есепте 200 мың қазақстандық тұр. Онкологиядан болатын өлім-жітім артып, үшінші орында тұр. Өңірлердегі диагностикалық жабдықтар паркінің тозуына және онкологиялық көмекті одан әрі жетілдіруге байланысты Министрлік онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың жобасын әзірледі, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар министр зерттеудің арқасында аурушаңдықтың алдын алу және коронавирус инфекциясының салдарын жою жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсаруы халықаралық рейтингтерде де байқалады. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары рейтингінде Қазақстан Республикасы позициясының жақсарғаны байқалады. 2020 жылы 193 елдің ішінде Қазақстан 65-орынды иеленді, ал 2022 жылдың басында Біріккен Ұлттар Ұйымы біздің мемлекетіміздің рейтингін 6 позицияға көтеріп 59-орынға дейін жақсартты, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы