Жыл басынан бері өндірісте 187 адам зардап шеккен

31 Наурыз 2023, 13:32
980
Бөлісу:
Жыл басынан бері өндірісте 187 адам зардап шеккен

Соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 6,5%-ға азайды, деп хабарлайды BAQ,KZ тілшісі.  

Осы жылдың наурыздағы жағдай бойынша 187 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға кем. Оның ішінде 21 адам қайтыс болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,4%-ға төмен. Жарақаттың жоғары деңгейі Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облысында, Түркістан, Қызылорда облыстарында белгілі болды, - дейді бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылы тексерілген кәсіпорындардың 1,6 млн қызметкерінің 375 мыңы  еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істеген.

2021 жылы еліміз бойынша 681 мың қызметкер зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін 167 млрд теңгеге түрлі өтемақы алды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 19%-ға артық, - дейді спикер.

Ал, 2022 жылы еңбек қауіпсізді және еңбекті қорғау саласындағы заң бұзған 119 лауазымды адам қызметінен босаған. 

Құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғалар туралы 1094 материал жіберілді. Олар бойынша 192 қылмыстық іс қозғалды. Бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында 3211 кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша стандарттарды енгізді, - Төлеген Оспанқұлов. 

Өзгелердің жаңалығы