Жыл басынан бері 9 мыңға жуық адам өрттен құтқарылды

28 Сәуір 2023, 21:05
778
Бөлісу:
Жыл басынан бері 9 мыңға жуық адам өрттен құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

2023 жылдың бірінші тоқсанында елімізде екі мыңнан астам төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖ министрі Юрий Ильиннің кездесуінде белгілі болғандай, өрттің 7%-ға жуығы елордаға тиесілі.

Азаматтарымыздың көмек туралы әрбір сигналына министрліктің бөлімшелері дереу ден қояды. Бірінші тоқсанда бір жарым миллионнан астам қоңырау түсті. Министрліктің бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және өртті сөндіруге республика бойынша 13 мыңнан астам рет шықты, 9 мыңға жуық азамат пен бала құтқарылды және эвакуацияланды, зардап шеккендерге бір мыңнан астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, - деді министр жұма күні түстен кейін елорда тұрғындарымен кездесуінде.

Өзгелердің жаңалығы