Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды

19 Шілде 2021, 10:10
2101
Бөлісу:
Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 шілдедегі жағдай  бойынша 168,3 мың отбасындағы 816,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына толмаған балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2021 жылғы 1 шілдеде АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 201,5 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия заттарының жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушыларға ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Өзгелердің жаңалығы