Жыл басынан бері 30 мыңдай бала коронавирусқа шалдыққан

8 Шілде 2021, 18:05
4050
Бөлісу:
Жыл басынан бері 30 мыңдай бала коронавирусқа шалдыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова хабарлады. 

Есмағамбетованың сөзінше, қаңтар айынан бері 28 267 бала індет жұқтырған. Оның ішінде, 54 жаңа туған нәресте коронавируспен ауырған. Жаз басталғалы балалардың індетті жұқтыруы көбейгенін айтқан ведомство басшысы ұжымдық иммунитетті дұрыс қалыптастыра алмадық деп отыр.

7 шілдедегі жағдай бойынша 1682 жағдай тіркелген. Балалардың 84%-ында вирус жеңіл симптомсыз түрде өтсе, 16%-ында орташа ауырлықта орын алған, - деді Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ балалар ауырмас үшін ересектер вакцина алуы тиістігін алға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда вакцинацалау қарқынды жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Күнде еліміз бойынша орта есеппен 60-80 мың адам екпе салдырады. 8 шілдедегі жағдай бойынша бір күн ішінде ғана 161 мың адам вакцина салдырған. 

Ал соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда 35 554 адам КВИ ем қабылдауда. Оның ішінде: 709 адамның жағдайы ауыр, 161 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 91 адам жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен дем алуда.

Бұған дейін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов «Hayat-Vax вакцинасы Қазақстанға тағы қашан әкелінеді?» жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы