Жыл басынан бері 223 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді

12 Ақпан 2021, 09:37
1518
Бөлісу:
Жыл басынан бері 223 млрд теңгеден астам  зейнетақы төленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,3 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 154,9 млрд теңге бөлінген.

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 243 мың адамды құрайды. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) – 100 075 теңге. 

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып жеке тағайындалады. 

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілге қосылады. 

Сонымен егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, егер қатысу өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жыл – ең төмен күнкөріс деңгейінің 94%-ын құрайды. Жұмыс өтілі 33 және одан да көп жыл болса, ең төмен күнкөріс деңгейінің 100%-ы мөлшерінде белгіленеді, - делінген хабарламада.
Егер бір ай ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет МЗЖ жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды. 

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады. 

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болып келеді.  

Өзгелердің жаңалығы