Жүйке тамырларының аурулары бар науқастар екпе ала ма?

5 Мамыр 2021, 13:26
2190
Бөлісу:
Жүйке тамырларының аурулары бар науқастар екпе ала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы дәрігер-невролог, неврология және эпилептология саласындағы сарапшы Лейла Дайырбаева «Experts Hub Kazakhstan» жобасының сарапшылары қатысқан COVID-19 індетіне қарсы вакциналау жөніндегі ең маңызды сұрақтарға жауаптар бойынша өткен дөңгелек үстелде айтты.

Жүйке тамырларының орталық жүйесі аурулары (ми қанайналымының бұзылуы – инсульт, өткінші ишемиялық өршу) бар науқастар коронавирус ауыр өтетін қауіпті санатқа жатады. Көп вакциналардың ресми анықтамаларына келсек, оларда талма немесе өзге жүйке тамырларының аурулары кездескен науқастарға вакцинаны абайлап егу керегі айтылған. Бұл науқастар вакцина аларда өздерінің дәрігерлерімен кеңесу керек екенін ғана білдіреді. Бұл теріс көрсеткіш бар екенін көрсетпейді, - деді ол. 

Дайырбаева айтқандай, вакцинация мерзімі бөлек науқастар тобы үшін әртүрлі болады.

Көптеген халықаралық неврологиялық қауымдастық консенсус жариялады. Олар вакцинациялау бойынша аутоиммундық науқастар тобына жеке мерзім қажет екенін айтты. Қалған науқастарға вакцинация егуге болады. Бірақ бұл санатқа кез келген жағдайда дәрігердің кеңесі қажет, - деді дәрігер-невролог.


Өзгелердің жаңалығы