Қолды дұрыс жуудың ережелері қандай?

5 Шілде 2020, 18:46
40589
Бөлісу:
Қолды дұрыс жуудың ережелері қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус (COVID-19) сияқты респираторлық вирустар, адам ағзасына: көз, мұрын немесе тамақ арқылы құрамында вирусы бар шырыш немесе тамшылардың түсуі арқылы таралады. Көбінесе, қол арқылы. Қол - вирустың бір адамнан екінші адамға таралуының ең жиі кездесетін жолдарының бірі. Бұл туралы UNICEF хабарлады.

Жаһандық пандемия кезінде вирус таралуының алдын алудың ең қолжетімді, қарапайым және маңызды тәсілдерінің бірі - қолды сабынмен және сумен жиі жуу.

Қолды дұрыс жуу туралы сізге қажетті барлық ақпарат:

1. Қолды қалай дұрыс жуу қажет?

Қолды тез жуу және шаю вирустан толық құтылуға көмектеспейді. Төменде тиімді қол жуу процесі келтірілген.

• Қадам 1: Қолды ағынды сумен сулаңыз;

• Қадам 2: Суланған қолға молынан сабынды жағыңыз;

• Қадам 3: Қолдың барлық жағын, оның ішінде алақанның сыртқы жағын, саусақтардың арасын және тырнақтардың астын кемінде 40 секундтан 60 секундқа дейін мұқият жуыңыз;

• Қадам 4: Ағынды сумен мұқият шайыңыз;

• Қадам 5: Таза мата немесе бір реттік сүлгімен қолды құрғақ етіп сүртіңіз.

2. Қолды қаншалықты ұзақ жуу қажет?

Қолды кемінде 40-60 секунд жуу қажет. Уақытты белгілеп қалудың қарапайым жолы - "Туған күніңмен" әнін екі рет толық орындап шығу.

Бұл өз кезегінде қолға арналған дезинфекциялау құралына да қатысты: құрамында кемінде 65% спирт (мүмкіндігінше, метил спиртсіз болғаны дұрыс) бар дезинфекциялау құралын қолданыңыз және оны қолдың бүкіл үстіне кемінде 20 секунд жағыңыз.

3. Қолды қашан жуу керек?

COVID-19 алдын алу мәнмәтінінде қолды келесі жағдайларда жуу қажет:

• Мұрынды сіңбіргеннен кейін, жөтелгеннен немесе түшкіргеннен соң;

• Қоғамдық көлікті, базарлар мен діни ұйымдарды қоса алғанда, қоғамдық орындарға барғаннан кейін;

• Ақшаны қоса алғанда, үйден тыс заттардың беттеріне қолмен тигеннен кейін;

• Науқас адамға күтім жасау кезінде, алдында және содан кейін;

• Тамаққа дейін және тамақтан кейін.

Әдетте, қолды келесі жағдайларда міндетті түрде әрдайым жуу қажет:

• Дәретханаға барғаннан кейін;

• Тамаққа дейін және тамақтан кейін;

• Қоқысқа қолмен тигеннен кейін;

• Үй жануарларымен ойнағаннан соң;

• Балаларға жаялықтарды ауыстырғаннан кейін немесе балаларға дәретханаға баруға көмектескеннен кейін;

• Қолда айқын ластану белгілері болған кезде.

4. Балаға қолын жууға қалай көмектесуге болады?

Одан әрі балалармен қол жууды жеңіл және көңілді процеске қалай айналдыруға болатыны жайлы ақпарат ұсынылған:

Қол жуу процесін жеңілдетіңіз;

Кішкентай балалар қолдарын өз бетінше шұңғылшада жуып алуы үшін орындықты орнатыңыз. Сабынды баланың қолы оңай жететіндей етіп қойыңыз;

Шұңғылша қасындағы таймер оларға 40 секундқа дейін санауға көмектеседі;

Қол жуу процесін көңілді етіңіз;

Қол жуу кезінде әліппе немесе "Туған күніңмен" әнін бірге айтыңыз. Бұған шамамен 40 секунд кетеді. Жақсы көпіретін, хош иісті немесе қызықты нысаны бар түсті сабынды пайдаланыңыз;

Қол жуу процесін дәстүрге айналдырыңыз;

Қол жуу уақытын анықтаңыз, мысалы, сіздің балаңыз үйге келгенде, тікелей тамақтанар алдында немесе ұйықтар алдында;

Баланың жөтел мен түшкіргеннен кейін қолын жуып тұратынына көз жеткізіңіз;

Түсінуге көмектесіңіз;

Балаға микробтар көрінбесе де, түрлі беттерде қалатыны жайлы айтып беріңіз. Балалар қолды неге жуу қажет екенін түсінгенде, олар қолын жиі жуып тұратын болады;

Өзіңіз үлгі болыңыз;

Отбасының барлық мүшесіне қажет жағдайларда қолдарын жууға түрткі болып, жақсы үлгі беріңіз.

5. Қолды жылы сумен жуу қажет пе?

Жоқ, қолыңызды кез келген температурадағы сумен жууға болады. Суық және жылы су қолды сабынмен жуған жағдайда ғана микробтар мен вирустарды жою үшін бірдей тиімді!

6. Қолды сүлгімен сүрту керек пе?

Микробтар құрғақ теріге қарағанда, ылғал терімен оңай таралады, сондықтан қолды толық кептіру маңызды шарт болып табылады. Қағаз сүлгілер немесе таза майлықтар - микробтарды басқа беттерге таратпай жоюдың ең тиімді жолы.

7. Қайсысы дұрыс: қолды жуу немесе қол үшін дезинфекциялау құралын қолдану?

Жалпы алғанда, қолды сабынмен дұрыс жуу, сондай-ақ қол үшін дезинфекциялау құралдарын дұрыс пайдалану көптеген микроб пен патогендерді жоюда өте тиімді. Қолды дезинфекциялау құралын үйден тыс жерде болғанда пайдалану әлдеқайда ыңғайлы, бірақ ол қымбат тұруы немесе төтенше жағдайларда болмай қалуы мүмкін. Бұдан басқа, спирт негізіндегі қолға арналған дезинфекциялау құралы бактериялар мен вирустардың барлық түрін емес, коронавирусты өлтіреді. Мысалы, ол норовирус пен ротавирусқа қарсы салыстырмалы түрде тиімсіз.

8. Егер қол астында сабын болмаса ше?

Құрамында кемінде 65% спирті бар қолды дезинфекциялау құралы немесе хлорланған су сізде сабын және ағынды су болмаса, ең жақсы балама нұсқа болып табылады. Олар қол жетімсіз болған жағдайларда, сабынды су немесе күл соншалықты тиімді болмаса да бактерияларды септігін тигізеді. Мұндай жағдайларда қол жууға арналған құралдар қолжетімді болғанша, қолды мүмкіндігінше тез жуып алу керек, сонымен бірге адамдармен және түрлі зат беттерімен жанасудан аулақ болған жөн.

9. Коронавирустың таралуын тағы да қалай болдырмауға болады?

●    Түшкіру мен жөтелудің дұрыс әдебін сақтаңыз: жөтел немесе түшкіру кезінде ауызды және мұрынды бүгілген шынтақпен немесе майлықпен қалқалаңыз, пайдаланған майлықты дереу тастаңыз және қолды жуыңыз;

●    Бетіңізге (ауызға, мұрынға, көзге) тимеңіз;

●    Әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз: қол алысу, құшақтасу немесе сүйісу, бірге тамақтану, бір ыдысты, кеселерді және сүлгілерді бірге пайдаланудан аулақ болыңыз;

●    Суық тиген немесе тұмау белгілері бар адамдармен тығыз байланыстан аулақ болыңыз;

●    Егер сізде немесе сіздің балаңызда жоғары температура, жөтел немесе тыныс тарылу белгілері болса, уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз;

●    Вируспен жанасуы мүмкін беттерді барынша жиі тазартыңыз (әсіресе қоғамдық орындарда).

Өзгелердің жаңалығы