Журналистерді қолтырауынға теңеген депутаттың басы дауға қалды

10 Мамыр 2023, 13:13
1237
Бөлісу:
Журналистерді қолтырауынға теңеген депутаттың басы дауға қалды
Фото: Zakon.kz

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза журналистерді «қолтырауынға» теңеп, әлеуметтік желіде жазба қалдырған. Ол осы пікірінің орынсыз болғанын айтып, журналистерден кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Мәжілісте кулуарда журналистердің сұрағына жауап бергенде, орынсыз теңеуі үшін кешірім сұрады.

Бұл адамдар мен жануарлар әлеміне қатысты айтылған философиялық теңеу болатын. Ол үшін кешірім сұраймын. Бұл орынсыз қалжың болды деп ойламын. Енді алдағы уақытта мұндай жазбалар қалдырмаймын. Жалпы мен үшін бұл сабақ болды. Басқа депутаттар сияқты жабық боламын, - деп айтты Самат Нұртаза.

Депутат бұл теңеуді тікелей қабылдамау керегін айтты.

Депутаттар шыққанда сіздер (журналистер – ред.) біреуін «ұстап» аласыздар, қызықсыз болғандардың бірін «жібересіздер». Бұл маған жануарлар әлеміндегі жағдайды елестетеді. Тағы да қайталап айтқым келеді, бұл менің тарапымнан айтылған орынсыз қалжың болды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы