Митингтерден ақпарат тарататын журналистерге қатысты ұсыныстар ескеріледі – Балаева

11 Маусым 2020, 12:18
1127
Бөлісу:
Митингтерден ақпарат тарататын журналистерге қатысты ұсыныстар ескеріледі – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі БАҚ  өкілдерімен болған кездесуде келтірілген ұсыныстар ескерілетінін айтты.

Бүгін "Бас редакторлар клубы" ҚБ бастамасымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның БАҚ басшыларымен, түрлі мемлекеттік және аймақтық БАҚ бас редакторларымен және азаматтық қоғам өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті. Кездесуде бейбіт жиналыстарға қатысқан журналистің қызметтік қағидалары, баспасөз қызметкерлерінің формасы мен айырым белгілері талқыланды. 

Министр БАҚ  өкілдерімен болған кездесуде келтірілген ұсыныстар ескерілетінін айтты.

Бұл – талқылауымыз әлі басы ғана. Себебі, қағидалар әлі бекітілген жоқ. Ең бастысы – сіздердің талқылаудан кейін ұсыныстарыңызды ескере отырып, жобаны тағы бір қарайтын боламыз. Содан кейін барып нормативті-құқықтық актілердің ашық порталына ресми түрде орналастырамыз. Бұл - жалпы қоғам болып, өз ұсыныстарыңызды енгізуге болады деген сөз. Ең бастысы, жүзеге асыру мәселелері. Журналистерге арналған қағидаларды жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарына түсіндіру жұмыстары мен арнайы семинарлар жүргізетін боламыз. Себебі, бір тараптан түсініспеушілік болған жағдайда бүгін талқыға салынған дүниелер жүзеге аспайды деген қауіп бар. Сондықтан түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізетін боламыз, - деді Аида Балаева.

Өзгелердің жаңалығы