Жұмысшыларына берешек кәсіпорындарға 83 млн теңге айыппұл салынды

12 Шілде 2023, 09:53
688
Бөлісу:
Жұмысшыларына берешек кәсіпорындарға 83 млн теңге айыппұл салынды
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Республика бойынша 503 кәсіпорынның 17 мың жұмыскерге берешегі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 503 кәсіпорны 17 мың жұмыскерге 4,2 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 593 нұсқама беріліп, 83,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд теңге төленді.

Өзгелердің жаңалығы