Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жұмыс істейтін жастар жеңілдетілген ипотекаға белсенді өтініш беріп жатыр

13 Мамыр 2025, 16:37
1195
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы қатысушыларының 81%-ы жеңілдетілген ипотекаға өтініш берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдан бастап жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы кезең-кезеңімен аяқталады. Бағдарлама қатысушылары жалдау шартында белгіленген мерзімнің аяқталуына байланысты мемлекеттік пәтерлерден шығуда.

Оларға мемлекет тиімді балама ұсынып отыр – 17 өңірде "Отбасы банкімен" бірлесіп жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10-20%-ын, жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9%-ды құрайды, - делінген министрліктің хабарламасында.

Бүгінгі таңда "Отбасы банк" АҚ филиалдарына 2026 адам жүгінді. Бұл – жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың жалпы санының 81%-ы.

Нәтижесінде 647 адамға несие берілді, 321 адам баспана іздеу үстінде. Қалған қатысушылардың төлем қабілеттілігін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы