Жұманғарин: Тұтынушылардың құқы көп бұзылады

19 Маусым 2023, 15:25
764
Бөлісу:
Жұманғарин: Тұтынушылардың құқы көп бұзылады
Фото: Үкімет

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның мәлімдеуінше, тұтынушылардың құқықтарын бұзушылық туралы өтініштердің саны жыл сайын 20 пайызға өседі.

2022 жылы министрлікте 30,2 мыңнан астам өтініш қаралды. Осыған ұқсас жағдай өзге мемлекеттік органдарда да байқалып жатыр. 2022 жылы 50 мыңға жуық өтініш келіп түсті, - деп мәлімдеді Жұманғарин.

Өтініштердің үлес салмағы бойынша мына салалар «көшбасшы» :

- бөлшек сауда – 48 пайыз
- тұрмыстық қызметтер – 19 пайыз 
- электрондық сауда – 9 пайыз
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 5,6 пайыз .

Өтініштердің саны мына салаларда ең көп өскен: 
- қоғамдық тамақтану – 188 пайыз 
- көлік қызметі – 143 пайыз 
- медициналық қызмет – 113 пайыз 
- байланыс қызметі – 102 пайыз

Бұл ретте, тұтынушылардың шағымдарының саны істердің нақты жай-күйін көрсетпейтінін түсіну қажет, өйткені құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған азаматтардың бәрі дерлік мемлекеттік органдарға жүгінбейді, бұл жүргізілген социологиялық зерттеулермен расталады, - деді вице-премьер.

Өзгелердің жаңалығы