Жұманғарин қандай тұрғын үйлер арзандағанын айтты

7 Қыркүйек 2021, 10:29
5207
Бөлісу:
Жұманғарин қандай тұрғын үйлер  арзандағанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты.

Бүгінгі таңда кезде бастапқы тұрғын үйге бағалар 3 пайыздан ,4 пайызға дейін, сондай-ақ қайталама тұрғын үйге 5 пайыздан 1,1 пайызға дейін төмендегені байқалды. Хабарламаны орындау шеңберінде «РАМС-Казахстан» компаниялар тобы бағаларды Алматы қаласында бірқатар тұрғын үй кешенінен шаршы метр үшін 15%-ға немесе 90 мың теңгеге дейін, «BAZIS-A»компаниясы Алматы қаласында тұрғын үй кешендеріне шаршы метр үшін 20 мың теңгеге дейін, «BI Group» Нұр-Сұлтан қаласының 51 тұрғын үйінде бастапқы тұрғын үйге орта есеппен 8 пайызға, Алматы 11 %-ға, Шымкент - 3 %-ға, Атырау - 4 %-ға төмендетті, -деді Жұманғарин,

Оның айтуынша, басқа құрылыс салушылар да хабарламаларды орындап, бағаларды орта есеппен 15-20%-ға төмендетті.

Бағалардың төмендеу пайызы орта есеппен 9%-ды, төмендеу серпіні – шаршы метрге 10 000-ден 125 000 теңгеге дейін. Сондай-ақ бүгінгі күні құрылыс компанияларымен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың нормаларын сақтау туралы 7 монополияға қарсы комплаенс актісі жасалды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы