Жұманғарин ЕЭО аясында тауар айналымы артқанын айтты

11 Қаңтар 2023, 15:35
684
Бөлісу:
Жұманғарин ЕЭО аясында тауар айналымы артқанын айтты

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,1%-ға ұлғайып 110,6 млрд долларға жетті. Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауар айналымы 23 млрд долларға тең, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңінен 7,5%-ға артық, - деді Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың 800-ден астам актісі қабылданды.

Тағы 14 қызмет секторы бірыңғай нарық форматына ауыстырылды, жалпы бүгінгі таңда 69 сектор бар. Кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлмеу мүмкіндігі мақұлданды, үнемдеу болжамы 100 млн доллардан астам. Қазақстанның төрағалығымен Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші Министрлік конференциясы өтті. Халықаралық сауданы одан әрі дамытуға бағытталған маңызды құжаттар қабылданды, - деді ол.

Сонымен қатар вице-премьер бір жыл ішінде серіктес елдермен бірге 6 кедергі жойылғанын атап өтті.

Экспорттық өсім болжамы - 500 млн доллар. Осы жылы 8 кедергіні алу жоспарлануда, олардың өсім болжамы 800 млн долларға жетті, - деді Серік Жұманғарин. 

Өзгелердің жаңалығы