Жұманғарин баға бұрмаланатын саланы атады

21 Сәуір 2021, 19:39
2207
Бөлісу:
Жұманғарин баға бұрмаланатын саланы атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин «Қазақпарат» ХАА АҚ ұжымымен кездесу барысында айтты.

Баға бұрмаланатын тағы бір сала – коммуналдық қызметтерді төлеу. Бұл жерде жеке және заңды тұлғалар арасында әртараптандыру байқалады. Заңды тұлғаларға көп қысым түседі. Егер елорда бойынша орташа баға 10 теңге деп алсақ, жеке тұлғалар 8, заңды тұлғалар 14 теңге төлейді. Қорытындысында бизнеске ауыртпашылық түседі, электр энергиясы қымбаттайды, - деді Серік Жұманғарин.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы айтқандай, электр энергиясы - өндірістің негізгі факторы.

Жанармай сынды негізгі емес факторлар да бар. Бірақ электр энергиясынсыз ешбір бизнес жұмыс істей алмайды. Бізде электр энергиясын жеткізу бойынша нарықта бәсекелестік жоқ. Әрбір қалада тек бір компания жұмыс істейді. Бұлай неге болады? Себебі электр энергиясын 8 теңгеден жеткізу ешкімді қызықтырмайды, - деді Жұманғарин.

Ол атағандай, агенттік жеке және заңды тұлғаларды теңестіріп, соңында алып тастауды жоспарлайды.

Әлемдегі тәжірибе бойынша жеке тұлғалар заңды тұлғаларға қарағанда көп төйлейді. Бірақ ол да тиімсіз. Сондықтан оларды теңестіру керек. Сондай-ақ тек төлей алмайтындарды ғана қолдау керек, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы