Жүкті әйелдерде коронавирустың асқынуына не себеп болады? Гинекологтар жауап берді

29 Қараша 2021, 10:42
1325
Бөлісу:
Жүкті әйелдерде коронавирустың асқынуына не себеп болады? Гинекологтар жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. тілшісі. Нұр-Сұлтанда еліміздегі акушерлік-гинекологиялық жағдайға арналған «Амбулаторлық сатыдағы акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудің мультидисциплинарлық тәсілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Дәрігерлер жүкті әйелдерде коронавирустың асқынуы туралы айтты.

Зерттеулер көрсеткендей, 2021 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында Нұр-Сұлтан ауруханасында коронавирус жұқтырған 1541 жүкті ана емделген.

Жүкті әйелдерде коронавирустың асқынуына не себеп болады? Гинекологтар жауап берді

Тек 320 әйелде инфекция симптомсыз өткен. 1221 науқаста клиникалық белгілер байқалған. Олар: қызба, жөтел, ентігу, диарея, тамақ ауруы, қалтырау және миалгия.

Биыл бізде кеш емделудің салдарынан ана өлімі тіркелді. Олар дер кезінде ауруханаға жатпаған, өздігінен емделген, екпе алмаған. 2021 жылдың тоғыз айында үш жүкті әйел қайтыс болды. Екі әйел коронавирустан, біреуі қатерлі ісіктен қайтыс болды. Өлім акушерлік асқынуларға байланысты емес. Біз мұнымен қалай күресуге болатынын үйрендік, бірақ қиын жағдайлар болды, - деді медицина ғылымдарының кандидаты, акушер-гинеколог Зайтуна Хамидуллина.

Елорданың «акушер-гинекологтар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, науқастардың 20%-ы бөртпеге, бас ауруына, әлсіздікке және тәбеттің жоғалуына шағымданды.

Жүкті әйелдерде коронавирустың асқынуына не себеп болады? Гинекологтар жауап берді

Өкпе ауруына қатысты 1190 әйел тексерілді. 357 әйелде өкпе зақымдануының екі жақты белгілері, 618-де бір жақты белгісі байқалды. 215 жүкті әйелде өкпе ауруы анықталған жоқ.

Жүкті әйелдер мен босанатын әйелдердегі індеттің жеңіл және симптомсыз түрі амбулаториялық негізде байқалды.

2021 жылдың шілде-тамыз айларында ауруханаға 1247 жүкті әйел жатқызылды. Дәрігерлер мұны қаладағы коронавирустың ең жоғары деңгейімен байланыстырады.

Өзгелердің жаңалығы