Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биылғы жылдың 7 наурызында сағат 04.55-те Көкшетау станциясындағы Желілік полиция бөліміне "Қарағай-Уголки" аралығында жүк пойызының машинисті темір жол төсемінде үй жануарының болуына байланысты шұғыл тежеу қолданып 37 жылқыны қағып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша оқиға орнына Көкшетау станциясындағы ЖПб-нің жедел-тергеу тобы шықты, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Көлік полицейлерімен жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жылқылардың иесі болып табылатын Ақмола облысының 43-жастағы тұрғыны анықталды.
Ол ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі, яғни, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.