Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартетінің концерті өтті

2 Маусым 2021, 18:45
1665
Бөлісу:
Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартетінің концерті өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізге танымал шығармашылық ұжым - Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті мерекеге орай өнер көрсетті. 

Ұжымның көркемдік жетекшісі - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.

Мемлекеттік ішекті квартеттің талантты музыканттарының шығармашылық үндестігі әрдайым көпшіліктің назарын аударып, олардың әр қойылымы үнемі тыңдаушылардың жүректерінен орын алып келеді. Ұжым көптеген халықаралық фестивальдерге қатысып, бірнеше рет ең беделді әлемдік концерттік алаңдарда Қазақстанның атынан өнер көрсетті. Ансамбльдің ауқымды репертуарында әр дәуір мен түрлі стильдегі шығармалар бар. Мұны бүгінгі өткен концерттің бағдарламасынан аңғаруға болады - дейді ұжымның көркемдік жетекшісі.

Музыка кешінде18-ғасырдың ұлы Вена классигі Джозеф Гайднның, 19-ғасырдағы неміс романтикасы Роберт Шуманның және 20-ғасырдағы венгр композиторы Бел Бартоктың шығармалары орындалды.

Концерт Гайднның 20 опустың 2-квартеті ашылған болатын, оның құрамында Гайднге «ішекті квартеттің әкесі» атағын сыйлаған алты квартет бар.

Көрерменге керемет классикалық музыка кешін тарту еткен Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартеті. Скрипкада Айдар Тоқталиев пен Алексей Лебедев, ал виоланы Бекзат Сайлаубайұлы бағындырса, виолончельде - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев классикалық шығармаларды асқан шеберлікпен орындап, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Кеш қонағы Қазақстанның халық әртісі, профессор Гүлжәмила Қадырбекова квартетпен бірге өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне ие болды.

Өзгелердің жаңалығы