ЖОО-ға құжат қабылдау қашан басталады

19 Маусым 2024, 17:00
288
Бөлісу:
ЖОО-ға құжат қабылдау қашан басталады
Фото: Арман Мухатов - архив

Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерге арналған күнтізбені ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

- ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз;
- «педагогикалық ғылымдар» және «денсаулық сақтауға» түсушілер үшін арнайы емтихандар өткізу 20 маусым-20 тамыз;
- шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер қабылдау 20 маусым-10 тамыз;
- шығармашылық емтихандардың өткізілуі 7 шілде-15 тамыз;
- білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау 13 шілде-20шілде;
- грант иегерлерінің тізімін жариялау 10 тамызға дейін.

Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала аласыздар.

2024-2025 оқу жылына қабылдау үшін маңызды күндерді өткізіп алмаңыз!

Өзгелердің жаңалығы