Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 3 маусым сағат 22.00-ден бастап 6 маусым сағат 06.00-ге дейінгі кезеңде жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты Омаров көшесінің қиылысындағы Сығанақ көшесінің учаскесінде көлік құралдарының қозғалысы жартылай жабылатын болады.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Сығанақ көшесінің бойымен Омаров көшесі жағынан қозғалыс кезінде тиісті жол белгілері мен көрінетін қоршаулар орнатылып, көлік ағыны қарсы бағыттағы жол жағына бөлінеді.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қауіпсіздік және көлік кептелісін болдырмау мақсатында жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, осы учаскеде барынша мұқият болуды және қозғалыс маршрутын алдын ала жоспарлауды сұрайды.