Жолды сапасыз салғандарға жаза тағайындауды қолдаймын – депутат

12 Шілде 2022, 18:35
1564
Бөлісу:
Жолды сапасыз салғандарға жаза тағайындауды қолдаймын – депутат
PHOTO
Фото: автордан

Орал. BAQ.KZ тілшісі. «Amanat» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Орал қаласындағы жол құрылысымен танысты. 

«Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасында айтылған жол құрылысын қадағалауда ұстауға тырысамыз. Депутаттар жол сапасына баға бере алмасақ та жұмыстың уақытында орындалуын назардан тыс қалдырмаймыз. Мердігерлермен тілдесіп, қиындықтар бар-жоғын сұраймыз. Жол жайлы партияның сайлауалды бағдарламасында уәде етілгесін, уәденің орындалуы біз үшін өте маңызды. Осы сапарымда да Батыс Қазақстан облысының біраз ауданын аралап шықтым. Жол мәселесінің күрделі екенін өте жақсы білемін. Біз қазір Орал қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып шықтық. Бұл көшенің жолы жайлы мәселе біраздан бері көтеріліп келеді, - деді ол. 

Жолды сапасыз салғандарға жаза тағайындауды қолдаймын – депутат

2011 жылдан бері жөндеу көрмеген. 

Жолды сапасыз салғандарға жаза тағайындауды қолдаймын – депутат

Осы қыс мезгілінде де тұрғындармен кездесуімде осы көшенің жайын айтқан болатын. Партияның жол картасына сәйкес жол жөнделді. Яғни уәде орындалды. Бұл нысанда мәселе жоқ. Мерзімінде салынды. БҚО жолдарына қатысты соңғы кезде сын көп айтылуда. Жалпы республика бойынша салыстыра қарағанда БҚО-ның жолдары орташа деңгейде деп баға берер едім. Жолдың сапасына қатысты жуырда үлкен мәселе көтерілді. Соның ішінде жолды сапасыз салғандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік, жаза тағайындау айтылды. Әрине, талас тудыратын даулы мәселе.  Бірақ мен мұны қолдаймын. Жолды салатындардың жауапкершілігін арттыру керек, - дейді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.

Жолды сапасыз салғандарға жаза тағайындауды қолдаймын – депутат

Депутат тексеруге келген Әбілқайыр хан даңғылының Карбышев көшесі мен С.Тюленин көшесінің аралығының жол құрылысы аяқталып, бүгін кешке пайдалануға берілмек. Көшенің 1.4 шақырым болатын бұл бөлігіне асфальт төсеу 15 маусымда басталды. Мердігер – «ДСК Приоритет» ЖШС. Даңғылдың Сырым Датов даңғылымен қиылысына дейінгі 1,7 шақырым бөлігі тамыз айына дейін толықтай тәмамдалмақ. 

Жолды сапасыз салғандарға жаза тағайындауды қолдаймын – депутат

Орал қаласының тұрғын-үй коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Абылай Нұрмақовтың айтуынша, қазір Оралда бес көшенің асфальт жабыны қайтадан салынып, үш көшеге күрделі жөндеу, бір көшеге орташа жөндеу жүргізілуде. 

Өзгелердің жаңалығы