Жолды белгіленбеген жерден кесіп өткендерге айыппұл салынып жатыр

27 Мамыр 2024, 21:05
678
Бөлісу:
Жолды белгіленбеген жерден кесіп өткендерге айыппұл салынып жатыр
Фото: Абай облысының Полиция департаменті

Абай облысында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншілерге айыппұл салынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Абай облысында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншілерге қатысты 1 879 хаттама толтырылды. Бұл бұзушылық үшін қазақстандықтарға 2 АЕК немесе 2024 жылға 7 384 теңге қауіп төніп тұр. 

Ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 10 АЕК немесе 36 920 теңге. 

Жазатайым оқиғалардың алдын алу және жолын кесу мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық сипаттағы белсенді жұмыстарды тұрақты негізде жүргізуде. 

Белгіленбеген жерден өту Сізге де, басқаларға да қауіп төндіруі мүмкін. Қауіпсіздік ережелерін сақтау және жолды тек белгіленген жерлерден өту маңызды, - деп қорытты ведомство.

Өзгелердің жаңалығы